29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

РЕСМИ СӘЛЕМДЕСУ 2022

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Алматы қаласының әкімдігі Кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма атынан_ Mining and Metals Central Asia 2022 - «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» 27-ші Орталық Азия халықаралық көрмесінің қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын көргеніме қуаныштымын.

Біздің еліміздің тау-кен металлургия кешені тұрақты көрсеткіштерді көрсетіп, Қазақстан экономикасына үлкен пайда әкелуде. Әрине, Mining and Metals Central Asia көрмесі нарық қатысушыларының арасында берік іскерлік байланыстар орнататын, өз жетістіктерін көрсететін және индустрияның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын алаң болып табылады.

Көрмеге қатысу отандық өндірушілерге өздерін танытуға, жетекші әлемдік тәжірибені меңгеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Mining and Metals Central Asia көрмесін өткізу қаланың имиджін дамытуға оң мультипликативтік әсер етеді және тау-кен металлургия секторы компанияларының өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.

Mining and Metals Central Asia көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарына белсенді жемісті жұмыс, жаңа келісімшарттар мен қойылған міндеттерге қол жеткізуді шын жүректен тілеймін!

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Солтанбаев Б.