Қазақстанның тау-кен металлургия саласының жаңа болмыстары
2020 жылдың 14-15 қазанында Kazakhstan Mining Online Conference and Workshops: ТМК-нің жаңа болмыстары онлайн-конференциясы өтеді. Бұл іс-шара Mining & Metals Central Asia Қазақстандық халықаралық көрмесінің және Astana Mining & Metallurgy Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің кең аудиториясы үшін ұйымдастырылды, онда олардың қатысушылары, делегаттары мен келушілері саланың өзекті салалық жаңалықтары мен даму перспективаларын талқылап қана қоймай, сондай-ақ аса маңызды мәселелерді талқылау үшін онлайн форматта кездеседі.
Екі күн ішінде салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, нарықтың ірі компанияларының бас атқарушы директорлары тау-кен металлургия саласын дамытудың ең таяу уақыттағы ықтимал жолдарын талқылайды, ТМК-ны ел экономикасының индустриялық құрамдас бөлігінің жаңа рельстеріне шығаруға қабілетті неғұрлым қолайлы әрі перспективалы технологиялық процестер мен шешімдерге назар аудара отырып, индустрия үшін алға жылжудың векторларын белгілейді.
Тау-кен металлургия саласы ұзақ уақыт бойы көптеген елдердің экономикалары үшін, бірінші кезекте шикізат экономикасы дамыған елдер үшін түйінді болып қалып отыр. Коронавирус инфекциясының жаппай таралуының теріс әсері экономиканың көптеген секторларына әсер етуде, тау-кен металлургия өнеркәсібі де қалыс қалған жоқ. Жағдайдың әрі қарай қандай болатыны айтып білгісіз, алайда қазірден бастап өзгерістер дәуірі басталғаны туралы айтуға болады. Қазіргі шындықтар жаңа тенденцияларды талап етеді. Kazakhstan Mining Online Conference and Workshops онлайн-конференциясы тиімді диалог алаңына айналады, онда саланың жетекші көшбасшылары, бейінді ведомстволар мен қауымдастықтар өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері және шетелдік сарапшылар нарық конъюнктурасы туралы өз көзқарастарымен және ағымдағы жағдайдың Қазақстан экономикасына әсерімен бөліседі, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды қолдану тәсілдерін талқылайды. Таңдалған тақырыптар мен талқыланатын мәселелердің өзектілігі сарапшылардың, кәсіпкерлердің, салалық мамандар мен ғалымдардың назарын аударатыны сөзсіз.
Онлайн-конференцияның бағдарламасы әр түрлі тақырыптар бойынша сессиялар мен панельді талқылауларды қамтитын болады. Осылайша, 14 қазан күні пленарлық отырыс өтеді, оның барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстандағы ТМК дамыту бойынша алдағы жоспарлар туралы баяндаса, ал шетелдік South River Asset management, ICMM Тау-кен ісі мен металлдар жөніндегі халықаралық кеңес, Делойт ТМД компанияларының спикерлері жаңа болмыста жұмыстарды қалыптастыру бойынша халықаралық тәжірибемен және тәжірибелік кейстермен бөлісетін болады.
Kazakhstan Mining Online Conference and Workshops Алтын әріптесі – Қазақстандағы Ұлыбританияның Халықаралық Сауда Департаменті (DIT) – Дөңгелек үстел форматында екі сессия өткізеді:
- 14 қазан– «Қалдыққоймаларды басқару»,
- 15 қазан– «Қалдықтарды басқару/Қалдықтардан табысқа».
Дөңгелек үстелдер кен өндіру саласында қалдыққоймалар мен қалдықтарды басқару үшін инновациялық шешімдерді ұсынатын жетекші британиялық компаниялардың қатысуымен өтеді. Спикерлер қазақстандық жобалар мен басқа ірі кен орындарындағы өздерінің жұмыс тәжірибелері туралы баяндайтын болады.
Сондай-ақ, 14 және 15 қазан күндері Kazakhstan Mining Online Conference and Workshops Алтын әріптесі – ҚР-дағы Канада елшілігі канадалық компанилардың онлайн-миссиясын ұйымдастырады. Аталған миссияда Канаданың Онтарио, Квебек, Альберта, Британдық Колумбия провинцияларының компаниялары қатысады. Канадалық компаниялар мен сарапшылар бірқатар презентацияларды өткізеді, презентациялар барысында олар өз өнімдері мен технологияларын Қазақстанның кен өндіру секторына таныстырады. Бұл онлайн іс-шара тау-кен саласындағы Қазақстан мен Канаданың табысты сүрелі әріптестігінің мысалы болып табылады.
Қатысушы компаниялар: Black Powder Solutions, Inmarsat, Generation2Filtration, Gravity Mining, HLS Hard-Line Solutions Inc., Knight Piesold, Maelgwyn, McKinsey, Mine Environment Management, Motion Metrics, Napier Meridian, One Eye Industries, Patterson Cook, Polycorp Ltd., Satellite Applications Catapult, SightPower Inc., Spottitt, ThreeDify Inc., Waterhound Futures и Wenco International Mining Systems.
Онлайн-конференцияны ұйымдастырушы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Әріптестер: Ұлыбританияның халықаралық сауда жөніндегі департаменті (Department for International Trade UK), ҚР-дағы Канада елшілігі (Embassy of Canada to the Republic of Kazakhstan), Micromine, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ. Ресми қолдау: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), «Атамекен» ҰКП.
Келесі сілтеме арқылы сіз тіркеле аласыз және конференцияның бағдарламасымен, спикерлермен және сессиялардың кестесімен таныса аласыз: https://mining-metals.kz/online-conference/
- 1966 қаралды