30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

Трансформация - болашақта ТМК секторын дамытудың негізгі мүмкіндігі.

2021 ЖЫЛЫ БІЗ KAZAKHSTAN MINING ONLINE CONFERENCE AND WORK SHOPS ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯЛАР СЕРИЯСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДАМЫЗ, ОНЫҢ БАРЫСЫНДА ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ СЕКТОРЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ САЛАНЫҢ ТАЯУ УАҚЫТТАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ.

4 наурызда онлайн-конференция өтеді, оның негізгі тақырыбы «Трансформация дәуірі - өнімділікті жақсарту». Тау-кен кәсіпорындары үшін өткен 2020 жылдың басты қорытындысы олардың күйзелісті жағдайдағы тұрақтылығы, сондай-ақ дағдарыстар кезеңінде күрделі мәселелерді өзгерудің жаңа дәуірінде алдағы міндеттерге айналдыру қабілеті болды. Трансформация дәуірінде өнімділік пен тиімділікті арттыру мақсатында технологиялық міндеттер басымдыққа ие болады. MiningOnlineConference&Workshops іс-шаралар сериясының екінші бөлімі шеңберінде сарапшылар оларды қалай шешуге, осындай міндеттерді шешуде қандай кешенді тәсілдерді пайдалану және қандай бағытта қозғалу керектігін талқылайды.

ТМК индустрия мамандары үшін жетекші ведомстволардың сарапшылары, бейінді компаниялар мен қауымдастықтар мамандары қатарынан 15 спикердің қатысуымен үш мамандандырылған сессия өтеді.

Онлайн-конференция сессияларының негізгі тақырыптары:

  • 2021 жылы ТМК даму векторлары.
  • Тау-кен өнеркәсібіндегі кешенді жобаларды іске асырудың заманауи тәсілдері.  
  • Алтын өндіру саласын дамыту жоспары.

Күннің бірінші жартысында пленарлық отырыс өтеді, оның барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы», «Еуразиялық топ», «Қазгеология» және SeverMinerals сияқты ірі салалық компаниялардың өкілдері 2021 жылы Қазақстанда ТКМ дамыту жөніндегі алдағы жоспарларымен бөліседі. SchneiderGroup әлемдегі және Қазақстандағы ТМК жағдайы бойынша жаһандық аналитикалық шолумен бөліседі.

Іс-шараның алтын Серіктесі SeverMinerals компаниясы тау-кен өнеркәсібінде, соның ішінде кен дайындау, қоймалау және тасымалдау, байыту жабдықтары мен гравитациялық байыту салаларында кешенді шешімдерді іске асыру мен енгізуге арналған сараптамалық сессия өткізеді. SeverMinerals мамандары өз баяндамаларында технологиялық міндеттерді іске асырудағы ең заманауи тәсілдері бар практикалық кейстерді ұсынады.

MiningOnlineConference&Workshops екінші онлайн конференциясын DRAGMET қауымдастығының қатысуымен және қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстандағы алтын өндіру саласының даму перспективаларына арналған сессия аяқтайды.

Онлайн-конференцияның ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Алтын серіктес  SeverMinerals компаниясы. Ресми қолдау: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, DRAGMET қауымдастығы.

Сіздер конференция бағдарламасы, спикерлер және сессия кестесімен төмендегі сілтеме бойынша тіркеліп, толығырақ таныса аласыздар: https://miningworld.kz/online-conference/2.0/

  • 1818 қаралды