30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

MINING AND METALS CENTRAL ASIA - 2021 ЖӘНЕ KAZCOMAK – 2021: КӨПТЕН КҮТКЕН ОФЛАЙНДАҒЫ КЕЗДЕСУДІҢ ҚУАНЫШЫ

29 қыркүйек күні 26-шы Орталық-Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining and Metals Central Asia 2021  көрмесі және 17-ші Қазақстандық халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік Құрылыс, Коммуналдық Техника» - Kazcomak 2021 көрмесі сынды ірі салалық көрмелер өз жұмысын бастады, олар екі көрме павильоны мен көше экспозициясында орын алған. Іс-шаралар Алматы қаласының ірі экспоалаңы – «Атакент» көрме орталығында 1 қазан күніне  дейін жалғасады.

1postnews

Өткізудегі ұзақ мәжбүрлі үзілісті ескере отырып, Қазақстанның барлық ірі ТМК қоғамдастығы мен халықаралық қатысушылар Mining and Metals CA және Kazcomak көрмелері жұмысының басталуын үлкен қуанышпен қарсы алды, бұған оқиғалардың бірінші күнінде шараға қатысу және келу көрсеткіштері дәлел бола алады. Бірінші көрме күнінің құрметті қонақтары арасында Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский, Германияның Алматыдағы Бас консулы Марио Зоос, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілінің орынбасары Андрей Кабанов болды.

2postnews

Халықаралық шекараларды кесіп өтуде сақталып қалған карантиндік шектеулер мен қиындықтарға қарамастан, 2021 жылғы экспозицияға 17 елден 150 компания, оның ішінде Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Оңтүстік Корея компаниялары, сондай-ақ Германия, Норвегия, Франция ұлттық топтары және Ресей Федерациясының Липецк, Қорған, Курск, Челябі, Пенза және Тула облыстарының ұжымдық стендтері қатысуда.

3postnews

Қатысушылар өз стендтерінде инновациялық әзірлемелерді ұсынып, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрландыру, автоматтандыру және т. б. үшін ТКМ саласындағы жабдықтарды, қызметтерді және жобалық шешімдерді өндіруде өздерінің жетістіктерін, сондай-ақ бүгінгі күні өзекті IT-өнімдерін көрсетті. ERG, KazMinerals, Полиметал Еуразия, Қазақмыс, Кумтор Голд сияқты Орталық Азия секторының негізгі ойыншылары әріптестік байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа жеткізушілерді іздеу үшін әртүрлі бөлімшелердің мамандарынан тұратын делегацияларын жіберді.

Іс-шаралардың іскерлік бағдарламасы аясында өткен семинарлар мен шеберлік-сабақтар келушілердің ерекше назарын аудартуда. ORIENTAL инжинирингтік компаниясы түсті және қара металл концентраттарын, гидро-металлургиялық өндіріс кектерін сусыздандыру,  техникалық және технологиялық шешімдер бойынша семинар өткізді. Tech Garden «АТП» дербес кластерлік қоры ұйымдастырған шеберлік-сабақтарының негізгі әңгіме арқауы  «Мемлекеттік қолдау құралдары есебінен ТМК Индустрия 4.0 элементтерін тиімді енгізу» тақырыбымен белгіленді. Спикерлер жер қойнауын пайдаланушылар үшін инновацияларды енгізу туралы көп айтты, ТМК объектілерінде Жасанды интеллектті қолдану бойынша практикалық кейстермен және өнеркәсіптік кәсіпорындарда Blockchain және Big Data технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

4postnews

Сондай-ақ, бүгін Қазақстандық Iteca көрме компаниясы мен BeNeLux Chamber of Commerce бизнес қауымдастығы арасында халықаралық сауда қатынастарын, оның ішінде Iteca көрме-конференциялық іс-шаралары арқылы табысты дамытуға бағытталған ынтымақтастық және серіктестікті бастау туралы меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтті.

5postnews

Қатысушылар павильондар ішінде де, көше экспозициясында да қауіпсіздік ережелері мен санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың толық сақталуын атап өтті. Әлеуметтік қашықтықты, қатысушылар мен келушілердің ЖҚҚ-ны қолдануды, антисептиктер мен дезинфекциялық заттарды қолдануды, стендтерді дезинфекциялық құралдармен тазарту мен өңдеуді қамтитын негізгі антиковидтік ережелерді сақтаумен қатар, келушілердің ағынын уақыт бойынша бөлуге және осылайша көрме павильонында ұсынылған адамдардың санын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа тіркеу жүйесі сәтті қолданылды. Қауіпсіздікті сақтаудың сенімді құралы Ashyq QR кодтарын оқу жүйесі болды, ол COVID-19 қауіпі бар келушілердің   көрмелерге кіруге қатаң жол бермеуіне  мүмкіндік берді.

Әрине, Mining and Metals CA және Kazcomak көрмелері республиканың ТМК секторы кәсіпорындары мен олардың серіктестері - бүкіл әлем бойынша жабдықтар мен қызметтердің негізгі жеткізушілері арасындағы ынтымақтастық тізбегінде өте маңызды буын болып табылады. Көрмелер кезекті рет өздерін ТМК секторының көшбасшылары үшін де, жаңадан келгендер үшін де кездесулер, келіссөздер өткізудің  аса ірі, беделді және тиімді алаңдары ретінде көрсетті.

Көрмелер тағы екі күнге созылады, біз іс-шаралар сайттарында алдын-ала тіркеуден өткен  ТКМ мамандарын асыға күтеміз!

www.mining-metals.kz

www.kazcomak.kz

  • 1394 қаралды