30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

СТЕНДТЕРДІҢ 75%-Ы БРОНДАЛҒАН – MINING & METALS CENTRAL ASIA ЖӘНЕ KAZCOMAK 2025 ӨЗ МӘРТЕБЕСІН САҚТАУДА

2025 ЖЫЛҒЫ 17-19 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 30-ШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҚТАРЫ, КЕН ӨНДІРУ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДАРДЫ БАЙЫТУ» – MINING & METALS CENTRAL ASIA КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 21-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖОЛ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС, КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКА» – KAZCOMAK КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.   

2024 жылы бұл іс-шаралар 34 елден 402 компанияны жинап, 5 710 келушіні, оның ішінде тау-кен, металлургия, құрылыс және коммуналдық салалардың жетекші өкілдерін тартты. Көрмелер іскерлік ынтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды таныстыруға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін тиімді бизнес-платформалар ретінде өз маңыздылығын растады.

Қазіргі уақытта алдағы іс-шараларға белсенді дайындық жүріп жатыр. Көрме алаңының 75%-ы қазірдің өзінде брондалған, бұл қатысушылардың жоғары қызығушылығын және Mining & Metals Central Asia мен Kazcomak-тың кәсіби қауымдастық үшін маңыздылығын көрсетеді.

Mining & Metals Central Asia-ның мерейтойлық форматы мен Kazcomak көрмесінің ауқымы қатысушылар мен келушілерге іскерлік байланыстарды кеңейтуге, серіктестер табуға және тау-кен, металлургия, құрылыс және коммуналдық техника саласындағы ең жаңа шешімдерді зерттеуге одан да көп мүмкіндіктер береді. Алаңдарда жетекші халықаралық және отандық жабдық, технология және қызмет өндірушілері ұсынылады. Көрмелер дәстүрлі түрде бизнес, мемлекеттік құрылымдар және сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктіреді.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары қызығушылығын атап өтуде және көрмеге қатысуды алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Көрменің ұйымдастырушылары – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events копаниялар тобы.

  • 5 қаралды