30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

КҮШТІ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА КӨРМЕЛЕРІ — КҮШТІ САЛА: MINING & METALS CENTRAL ASIA 2025 ЖӘНЕ KAZCOMAK 2025 ҚАТЫСУШЫЛАРЫН НЕ КҮТЕДІ

2025 ЖЫЛДЫҢ 17-19 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АЛМАТЫДА КЦДС «АТАКЕНТ» АУМАҒЫНДА MINING & METALS CENTRAL ASIA ЖӘНЕ KAZCOMAK ДЕГЕН ЕКІ ІРІ САЛАЛЫҚ ОҚИҒА ӨТЕДІ.

 Бұл көрмелер 30 жылдан бері тау-кен металлургия өнеркәсібі, жол және өнеркәсіптік құрылыс, сондай-ақ мамандандырылған техника өндірушілері үшін негізгі алаңдар болып саналады.

 Биылғы жылы рекордтық көлемдегі экспозиция 40 елден 500-ден астам компанияны біріктіріп, олар барлау, өндіру және пайдалы қазбаларды өңдеуде қолданылатын заманауи жабдықтарды, инновациялық технологияларды және үздік тәжірибелерді ұсынады. Қатысушылар цифрлық шешімдерді енгізудің сәтті кейстерімен танысып, саланың өзекті мәселелерін талқылап, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын таба алады.

 Ұйымдастырушылар көрмелердің іскерлік бағдарламасына ерекше назар аударады, ол дәстүрлі түрде мемлекеттік құрылымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасындағы диалог алаңы болып табылады.

 17 қыркүйекте «Тау-кен металлургия кешенінің негізгі мәселелері: қазақстандық мазмұн, инвестициялар, технологиялар, логистика, халықаралық серіктестік» тақырыбында пленарлық сессия өтеді. Күн тәртібінде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, кәсіпорындарды цифрландыру және технологиялық жаңғырту, қазақстандық мазмұнды дамыту, жаңа логистикалық маршруттар мен жеткізу тізбектері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралады. Талқылауға Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілдері, салалық қауымдастықтар, ірі өнеркәсіптік компаниялар және шетелдік сарапшылар қатысады.

 Сонымен қатар, Kcell компаниясы (AI аймағының серіктесі) Almaty Hub-пен бірге стартаптар мен әзірлеушілер үшін бірегей алаң — Demo Day өткізеді. Бұл индустрия көшбасшыларына өз шешімдерін тікелей ұсыну және пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндігі. Карьерлер, шахталар, зауыттар, кен орындары үшін IT-шешімдер, байланыс жүйелерінің интеграторлары, мониторинг, киберқауіпсіздік және автоматтандыру ұсынылады. CiDRA Minerals Processing Inc (Испания), NLT EUROPE (ОАР), Epiroc, Proftec компанияларының сарапшылары бірқатар практикалық семинарлар өткізеді. Онда келушілер тау-кен өнеркәсібінің жағдайын өзгертіп, өндіріс қауіпсіздігін арттырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін озық технологиялар мен құралдармен таныса алады. Қазақстандық Тау-кен палатасының дөңгелек үстеліне ерекше назар аударылады, онда қатысушылар саланың тұрақты дамуының өзекті мәселелерін талқылайды.

 18 қыркүйекте іскерлік бағдарлама «Тау-кен металлургия кешенінің заманауи мәселелеріне арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» панельдік кейс-сессиясымен жалғасады. Талқылауға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және ірі тау-кен компаниялары қатысады. Өз тәжірибелерімен цифрлық технологияларды белсенді енгізіп жатқан ірі тау-кен компаниялары бөліседі, сондай-ақ сессияға халықаралық және қазақстандық AI әзірлеушілер қатысады.

 Көрменің екінші күні бойы Composit компаниясының (семинар аймағының серіктесі) арнайы жабық семинары өтеді. «Тау-кен кәсіпорындарында абразивті тозуға қарсы тиімді шешімдер» тақырыбында компания директорының орынбасары Александр Невзоров сөз сөйлейді. Семинарға қатысу алдын ала тіркеу арқылы мүмкін.

 Екінші күннің бағдарламасын Германдық Қауымдастықтың симпозиумы толықтырады, онда өнеркәсіпті жаңғыртудың халықаралық тәсілі ұсынылады, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жобаларын таныстыру сессиясы өтеді, оның аясында салаға арналған жаңа әзірлемелер мен бастамалар ұсынылады.

 Дәстүр бойынша көрмелер тек жаңа технологиялардың көрмесі ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның тау-кен өнеркәсібі үшін болашақ бағыттарды анықтайтын орынға айналады. Бағдарлама қызықты пікірталастарды, озық шешімдер мен практикалық кейстерді көрсетуді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін уәде етеді.

 Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», «Республикалық тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» (АГМП).

 Семинар аймағының серіктесі - Composit компаниясы, AI аймағының серіктесі - Kcell компаниясы, Vip Lounge серіктесі - Cemeq Asia компаниясы.

Көрмелерді ұйымдастырушылар - қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.

 

Mining & Metals Central Asia мерейтойлық жылының бір бөлігі болыңыз және саланың көшбасшыларымен бірге тау-кен металлургия кешенінің болашағын анықтаңыз! Толығырақ ақпарат және тіркеу — сайтта: https://mining-metals.kz

  • 13 қаралды