30 ЕЛДЕН 533 КОМПАНИЯ АЛМАТЫДА MINING & METALS CENTRAL ASIA ЖӘНЕ KAZCOMAK 2026 КӨРМЕЛЕРІНЕ БІРІГЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 16-18 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА 31-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» КӨРМЕСІ — MINING & METALS CENTRAL ASIA 2026 ЖӘНЕ 22-ШІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖОЛ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС, КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКА» КӨРМЕСІ — KAZCOMAK 2026 ӨТЕДІ.
Биыл көрме алаңында 30 елден 533 компания бас қосады: Австралия, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Латвия, БАӘ, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және Оңтүстік Корея. Қазақстан атынан 161 компания қатысады, тағы 372 қатысушы халықаралық нарықты таныстырады. Ұлттық топтар — Австрия, Германия, Канада, Қытай, Ресей және Финляндия тарапынан жасақталған.
Алғаш рет көрмелерге 182 компания қатысады, бұл қатысушылардың жалпы санының 34%-ын құрайды, ал олардың жалпы саны 10%-дан астамға артты. Экспозиция ауқымы да ұлғаюын жалғастыруда: 2026 жылы көрме 20 000 шаршы метр аумақты қамтиды.
Халықаралық ауқымдағы экспозициямен қатар, көрмелердің маңызды құрамдас бөлігі тау-кен металлургия кешенінің өзекті міндеттеріне бағытталған іскерлік бағдарлама болады.
16 қыркүйектегі іскерлік күн тәртібінің басты тақырыптары:
Пленарлық отырыс «Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағы: аса маңызды минералдар, жобалар және және өсудің жаңа мүмкіндіктері»;
AI Stage «Тау-кен өнеркәсібінің цифрлық жетілуі мен ЖИ-ге дайындығын бағалау: деректердің молдығынан шешім қабылдауға дайындыққа дейін»;
Canadian Group Workshop «Әлемдік тау-кен өнеркәсібіне арналған канадалық сараптама мен шешімдер»;
CIDRA Minerals Processing Inc., Earth Technology, FLS, Epiroc және Sandvik компанияларының практикалық семинарлары.
17 қыркүйекте бағдарлама жалғасады:
GEOTECH FORUM, екі тақырыптық блокты қамтиды: «Қазақстанның жаңа саяси архитектурасы және тау-кен өнеркәсібінің болашағы» және «Цифрлық тау-кен металлургия кешені: автоматтандырудан интеллектуалды басқару мен роботтандыруға дейін»;
AI Stage «Операциялық тиімділікті диагностикалау: Mine-to-Mill тізбегіндегі құндылықты іздеу және растау»;
дөңгелек үстел «Үздік практикалар күні: Қазақстанға арналған неміс өнеркәсіптік шешімдерінің таныстырылымы»;
Normet және Composit компанияларының практикалық семинарлары.
Mining & Metals Central Asia және Kazcomak 2026 қайтадан бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар, салалық қауымдастықтар және халықаралық кәсіби қоғамдастық өкілдері арасында тікелей диалог орнататын алаңға айналады.
Көрмелер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның (ТМКҚ) ресми қолдау көрсетеді.
Семинар аймағының серіктесі — Composit компаниясы, фотозонаның серіктесі — Melytec, су серіктесі — AltynArna, ойын және демалыс аймақтарының серіктесі — Nartas, көрменің ресми жолсілтемесінің серіктесі — Cummins.
Ұйымдастырушы – қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
- 5 қаралды
