30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

Қазақстанда кәсіпорындар үшін тау-кен қазу және өнеркәсібіндегі әлемдік трендтер және инновациялар

MMCA25

«Тау-кен жабдығы, кен және минералдарды қазу және байыту»  - Mining and Metals Central Asia 2019 Мерекелік 25-ші Орталық Азиялық көрмесі 2019 жылы 18-20 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Келушілердің компаниялармен келіссөздер жүргізуге, әлемнің 31 мемлекетінен 320 компаниясының ұсынған жаңалықтарымен танысуға мүмкіндіктері болады. Көрме тау-кен металлургиялық кешен үшін жабдықтар, технологиялар мен қызметтерге арналған 90 тақырыптық бөлімдерді ұсынады, сондай-ақ іскерлік бағдарлама шегінде 20 аса іс-шараны қамтиды. MMCA 2019-бен бірлесіп дәстүрлі түрде Kazcomak 2019 16-шы Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді, оның тақырыбы арнайы техникаға және жол құрылысы мен коммуналдық шаруашылыққа арналатын болады.

Mining and Metals Central Asia – бұл орталықтандырылған сұхбат алаңы, онда тау-кен металлургиялық кешен саласында мәселелерді шешуді бизнес басшылары  B2B форматында тақылайды.

Жыл сайын бүкіл дүниежүзінің, соның ішінде отандық кәсіпқойлардың көп саны Mining and Metals Central Asia және Kazcomak  көрмесіне қатысуға тырысады. 2019 жылдың қойылымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,8%-ға артты және AK MACHINERY, Alpha Safety, Bohnenkamp, Distritech, Engineering Centre, Eurasian Machinery, Gateway Ventures, KAZ T - REMA INTERNATIONAL, KAZPROM AVTOMATIKА, KOMATSU MINING CORP, KULAN OIL, LEICA GEOSYSTEMS KAZAKHSTAN, Mining & Drilling Services, Mining Element, Nurdox Wear Solutions, Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan, thyssenkrupp Industrial Solutions Kazakhstan, АВТОТЕХИНМАШ, БелКазКомплектСервис, Востокэлектропривод, ЕВРОСПЕЦАРМАТУРА, КАМАЗ САУДА КОМПАНИЯСЫ, Композит ҮЕҰ, КОРУНД ТМК, Сандвик Майнинг энд Констракшн Казахстан Лтд., Север Минералс, СИЛУМИН-ВОСТОК, СПЕЦ-АВТО, Орал машина жасау зауыты, Эпирок Центральная Азия сияқты және басқа да көптеген компаниялардың ұсыныстарынан тұрады.

25 жыл ішінде іс-шара саладағы күрделі мәселелерді талқылайтын, қазақстандық және шетелдік жабдық өндірушілерінің жетістіктерін көрсететін және іскерлік байланыстарды кеңейту үшін мамандардың кездесетін орны мен бірегей мүмкіндігне айналды.  Ғасыр ширегінде көрмеге 7 мыңға жуық компания қатысып, 40 мемлекеттен 50 мыңнан аса ТМК мамандары қатысты. Көрмеде ұсынылатын технологиялар кен орындарында және Қазақстанның тау-кен металлургиялық өндірістерінде қолданылып келеді. Осы уақыт аралығында Epiroc, Sandvik Mining and Construction Kazakhstan, ORIENTAL CO LTD, Outotec сияқты компаниялар саланың үздік дәстүрлеріне адал және жыл сайын Mining and Metals Central Asia қатысады.

Әлемде 4.0 өнеркәсібінің стандарттары белсенді жылжитынын назарға ала отырып, іс-шараның ұйымдаструшылары сол сияқты оқиғаның іс-шараларын өткізуге жаңа әдістерді динамикалық түрде енгізеді. Бағдарламаны сапалы толықтыру саланың проблемалық мәселелерін ашуға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

Мәселен, 18 қыркүйекте келесі тақырыптарға Дөңгелек үстелдер мен семинарлар өтеді:

  • Дөңгелек үстел: «Тау-Кен Самұрұқ» компаниясынан «Юниордан Чемпионға жол»
  • Polymetal «Бақырашық тау-кен кәсіпорны» ЖШС-ның сатып алу қызметі», «Варваринское» АҚ және «Комаровское горное предприятие» ЖШС компанияларынан сатып алулар бойынша көрсетілімдер. Процедуралар және талаптар;
  • Tech Garden-нен «НҚА-да және Үкіметтің бағдарламалық құжаттарында өзгерістер бойынша ұсыныстарды қалыптастыра отырып («ИТА» АКҚ үлгілеу) 4.0 индустриясы тақырыбы бойынша панельдік пікірталас»;
  • ТОКИО РОУП АЛМАТЫ компаниясынан «Еңбек қауіпсіздігі және жабдықты пайдалану ережелерін қатаң сақтау шарттарында пайдалы қазбаларды өндіру тиімділігін арттыру»;
  • Шелл компаниясынан «Зор балға мен төс арасында: жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, үнемдеу қайда және неге шығындаламыз?»;
  • «Weir Minerals кешенді техникалық шешімдерді іске асыру тәжірибесі (дүниежүзілік тәжірибе, СГЦҚ, ұсақтау, қойылту және су өткізу)»;
  • ЕвроТехПром компаниясынан «Конвейерлі жабдық. Тапсырманы жаңаша орындаймыз»;
  • FLSmidth компаниясынан «Өнімділікті арттыру құралы ретінде сандық жүйеге ауыстыру»;
  • ҚР Минералды шикізатты қайта өңдеу бойынша Ұлттық орталығынан және Д.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының «Тау-кен металлургиялық саласын тұрақты дамыту үшін инновациялық әзірлемелер»;
  • Два Кей ЖШС компаниясынан «KAZRC стандарттары бойынша қорларды есептеген кезде үш өлшемдік үлгілеу».

Көрменің екінші күнінде көрсетілімдер және шеберлік-класстары өтеді:

  • Орика компаниясының «Инновациялық технологиялар және жарылу жұмысын белсендіру үшін шешімдер» шеберлік-класы;
  • Outotec компаниясының «Пайдалы қазбаларды қайта өңдеу үшін инновациялық технологиялар»
  • Engineering Centre компаниясының «арнайы техниканы автоматтандырудың зияткерлік жүйелері» «Шиналар мен дөңгелектерге қызмет көрсету есебінен тау-кен қазу саласында өндіруді қалай арттыруға болады»

Көрменің жоғары беделі Дүниежүзілік Көрме Индустриясының (UFI) сертификаттарымен расталған. Іс-шараға жыл сайын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, ҚР Тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, «Тау-кен - Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Казгеология» АҚ, Алматы қаласының әкімдігі және қатысушы-мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары.

Іс-шараны ұйымдастырушы Iteca қазақстандық компаниясы келесі халықаралық серіктестермен бірлесіп: ITE Group (Ұлыбритания), GIMA (Германия), MetisEvents (Түркия), VISTA (Қытай), IEC Poland (Польша), ITE Eurasia (БАӘ).

Көрменің Іскерлік бағдарламасымен, қатысушылар тізімімен, павильондардың жоспарымен miningworld.kz. сайтында танысуға болады.

Көрме сайтынан билетті тегін алу үшін ПРОМОКОД – MMC2019988.

  • 2469 қаралды