29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

MINING & METALS CENTRAL ASIA ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ 2021 ЖЫЛДЫҢ 15-17 ҚЫРКҮЙЕГІНЕ АУЫСТЫРЫЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып және әріптес-қатысушыларымыз бен шараға келушілердің денсаулығына қамқорлық көрсете отырып, Iteca Қазақстандық көрме компаниясы «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру мен байыту» – Mining & Metals Central Asia Орта-Азиялық Халықаралық көрмесінің және «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak Қазақстандық халықаралық көрмесінің 2021 жылдың 15-17 қыркүйегіне ауыстырылғанын хабарлайды.

Аталған шешім жауап берушілердің 90%-нан астамы шараны кейінге қалдыру пайдасына дауыс берген сауалнаманың да нәтижесіне байланысты қабылдады.

Бизнестің өсуіне мүмкіндік беретін және өндірістің, ынтымақтастықтың және инновациялардың үздік әлемдік мысалдарын көрсететін жоғары кәсіби деңгейдегі шараны жасау маркетингтік жұмыстардың толық циклін ұйымдастыруды, жарнамалық кампанияны өткізуді, көрменің шетелдік және жергілікті қатысушылары мен келушілерін тартуды, экспозицияны ұйымдастыру мен оны құруды, сонымен бірге өткен көрме нәтижелері бойынша талдамалық есептерді қамтитын «ITECA» ұйымдастырушы компаниясының жыл бойындағы толық жұмысын талап етеді.

Жыл барысындағы барлық дайындық жұмыстарына қарамастан аталған шешім коронавирус инфекциясының әлемдегі жалғасып келе жатқан әсеріне, халықаралық әуе байланысының тоқтауына және, әрине, біздің экспоненттеріміз бен келушілеріміздің, спикерлеріміз бен делегаттарымыздың денсаулығын сақтауға байланысты қабылданды.

Біз көрмені 2021 жылдың күз маусымына ауыстыру көрмені ауқымдырақ етіп өткізуге және тау-кен-металлургия қауымдастығына өнімді кездесулер, талқылаулар және 2021 жылға жоспарларды бекіту үшін платформа ұсынуға мүмкіндік беретініне шын жүректен сенеміз.

Көрме денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы соңғы ұсынымдарға сәйкес өткізілетін болады.

Кездескенше!

  • 1495 қаралды