29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

БАС СЕРІКТЕСІ: AV Group

БАС СЕРІКТЕСІ: AV Group — ашық және жерасты тау-кен өндірісіне арналған қызметтер мен өнімдердің толық кешенін ұсынатын, ТМД-ның ең ірі тік біріктірілген сервистік компаниясы.

DSC 6038 min

2002 жылы негізі қаланған AV Group - ашық және жерасты тау-кен жұмыстарына арналған, өз санатындағы шешімдердің ең үздік өсіп келе жатқан портфеліне ие инновациялық және жетекші тау-кен компаниясы болып табылады.

AV Group клиенттермен сенімді қарым-қатынасымен, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын және талап етілетін сапа стандарттарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарды қатаң сақтауымен танымал.

AV Group қызметінің бағыттары жобаны модельдеуден бастап нәтижелерді талдауға дейінгі тау-кен қызметтерінің барлық спектрін қамтиды және ол жарылғыш заттар мен қоздырғыш құралдарды өзі өндіру, бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізу, тау-кен массасын ұңғылау және тасымалдауды қамтиды.   

Компания жұмыс технологияларын, жарылғыш заттар мен қоздырғыш құралдарды өндіруді үнемі жетілдіріп отырады, жаңартпалар (инновация) мен өз әзірлемелеріне инвестиция салады, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізеді.

  • 281 қаралды