Derrick Corporation MMCA 2025 көрмесінде Орталық Азия тау-кен нарығына арналған ұсақ елеу шешімдерін таныстырады
Derrick Corporation – АҚШ-тағы Буффало (Нью-Йорк штаты) қаласында орналасқан, 70 жылдан астам тәжірибесі бар отбасылық компания. Ол материалдарды фракциялық бөлу саласында үздіксіз инновациялар енгізіп келеді. Компанияның аймақтық кеңселері мен сервис орталықтары бес құрлықта жұмыс істейді. Derrick бүгінде бүкіл әлемге сенімді әрі жоғары тиімді жабдық жеткізуші ретінде танымал.
MMCA 2025 көрмесінде Derrick өнімділікті арттыруға, ұсақ фракцияларды тиімді алуға және ұнтақтау мен байыту процестерінде энергия шығынын азайтуға арналған жоғары сапалы полиуретандық сито панельдері бар жоғары жиілікті ұсақ елеу грохоттарын ұсынады. Derrick жабдықтары бөлшектерді аса дәл елеуді қамтамасыз етеді, циркуляциялық жүктемені азайтады және флотация, магниттік сепарация, сілтілеу сияқты байыту сатыларында шығымдылықты арттырады. Бұл өз кезегінде өндірістік көрсеткіштерді оңтайландырып, пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
Derrick өнімдер қатары мыналарды қамтиды:
- StackSizer® – аса жоғары өнімділігі бар (8 декке дейін) ұсақ сулық классификацияға арналған грохот
- SuperStack® – жоғары өнімді (5 декке дейін) сулық классификацияға арналған грохот
- Горизонтальды грохоттар – бақылау елеу, жабдықты қорғау және сусыздандыруға арналған
- G-Vault® – CIL/CIP цианидтеу процестеріне арналған сатылар арасындағы батырма грохоттар
Бұл технологиялар Орталық Азиядағы стратегиялық маңызы бар салаларда – алтын, мыс, мыс-мырыш кендері, темір рудасы, фосфат және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруде қолданысқа өте ыңғайлы. Жабдықтар жаңа жобаларда да, жұмыс істеп тұрған фабрикаларды жаңғыртуда да теңдесі жоқ өнімділік пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Әлем бойынша мыңдаған сәтті жобаларды іске асырған Derrick тек сенімді технологияларды ғана емес, сонымен қатар нақты өндірістік нысандардың кең ауқымды деректер қорын ұсынады. Бұл база процестерді оңтайландыруға, салыстырмалы талдау жүргізуге және фабрикаларды жобалауға берік негіз болады.
Derrick өнімдерінің барлығы компанияның өзінде жобаланып, өндіріледі. Бұл сапаны толық бақылауға, ұзартылған кепілдік міндеттемелерін беруге және клиенттерге кәсіби қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жаһандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бағдарламасына сүйене отырып, Derrick ұсақ елеу саласында көшбасшы болып қала береді.
Derrick Орталық Азия нарығында тікелей жұмыс істейді және MMCA 2025 көрмесінде аймақтық командамен кездесуге шақырады. №9/8-2 стендіне келіп, жаңа полиуретандық панельдер мен ұсақ елеудің инновациялық шешімдерімен танысыңыз. Derrick сіздің ең күрделі материал бөлу міндеттеріңізді шешуге көмектесіп, өнімділік, шығымдылық және тиімділік тұрғысынан дәлелденген нәтижелерге жеткізеді.
Қосымша ақпаратты 2025 жылдың 17-19 қыркүйегінде өтетін MINING & METALS CENTRAL ASIA 2025 көрмесінен алуға болады.
Көрмеге тегін бару үшін MMCA2025AB жарнамалық кодын пайдаланыңыз.
- 47 қаралды