TRUMER SCHUTZBAUTEN GMBH
TRUMER Schutzbauten GmbH – Австрияда орналасқан отбасылық кәсіпорын, табиғи қатерлерден қорғайтын жүйелерді қазіргі заманғы техникалық стандарттарға сай әзірлеу, жобалау және өндірумен маманданған.
Компания 1991 жылы құрылған және бүкіл әлемде өнім сапасына жоғары талаптарымен, инновациялық шешімдерімен және қорғау жүйелерінің тұрақтылығымен танымал.
Trumer Schutzbauten табиғи қатерлерден қорғау бойынша шешімдер ұсынады, соның ішінде: құлама тастар, орнықсыз беткейлер, беткі сырғымалар, лай ағымдары, өзен жағалауларының шайылуы және қар көшкіні.
Кәсіби инженерлерден, техник мамандар мен геологтардан құралған тәжірибелі команда, сондай-ақ тиімді басқару құрылымы техникалық жағынан күрделі жобалардың сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
2000 жылы Австриядағы «Эрцберг» ашық кенішінде әлемде теңдесі жоқ сынақ және зерттеу полигонының іске қосылуы қорғау құрылыстары саласындағы серпінді шешімдерге жол ашты. Қорғау жүйелері мен олардың жекелеген құрамдастарын толық көлемде сынақтан өткізу Trumer өнімдерінің жергілікті жағдайларға бейімделіп дамуына негіз болып табылады.
Компания бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетіп, тау-кен өнеркәсібіне, жол ведомстволарына, теміржолдарға, муниципалитеттерге, тау-шаңғы курорттарына және жеке секторға геологиялық қатерлерге қарсы іс-шаралар мен олардың салдарын азайту қызметтерін ұсынады.
Орталық Азия бойынша байланыс:
DI Markus Haidn
Mountain Risk Engineer
Trumer Schutzbauten GmbH
Maria Buehel-Strasse 7
5110 Oberndorf
Austria
Mobil: +43(0)664/88929599
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Web: www.trumer.cc
Қосымша ақпаратты 2025 жылдың 17-19 қыркүйегінде өтетін MINING & METALS CENTRAL ASIA 2025 көрмесінен алуға болады.
Көрмеге тегін бару үшін MMCA2025AB жарнамалық кодын пайдаланыңыз.
- 47 қаралды