30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

Болат мінезді шешімдер. SSAB ұсынған жаңа буын болаты Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесінде

SSAB Logotype Blue RGB

SSAB – жоғары берік болат пен жаңа буын болат құю қызметтерінің жетекші өндірушісі, Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесінде Орталық Азияның тау-кен өнеркәсібіне арналған заманауи мүмкіндіктерді таныстырады.

Компания стендінде Hardox® 500 Tuf тозуға төзімді болат табақ маркасы ұсынылады. Ол қазірдің өзінде самосвал кузовтарын, контейнерлерді, тау-кен техникасын, футеровканы, тозуға төзімді бөлшектер мен шөміштерді өндіруде өзінің ерекше беріктігімен, қаттылығымен және соққы тұтқырлығымен танылған.

Бұдан бөлек, қатысушыларға күрделі жағдайларда қолдануға арналған Hardox® HiAce маркасы көрсетіледі. Бұл болат қышқыл ортада коррозиялық тозуға төзімділігімен ерекшеленеді, Бринелль бойынша қаттылығы 425–475 бірлікті құрайды және -20°C кезінде ең төменгі соққы тұтқырлығы 27 Дж көрсеткішін береді. Мұндай болат жабдықтың қызмет ету мерзімін 2,7 есеге дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, SSAB Орталық Азияда жергілікті қоймалар желісін кеңейтіп келеді. Бұл клиенттерге тапсырыстарды жылдамырақ әрі ыңғайлы түрде алуға жағдай жасайды. Жергілікті қоймалардағы өнімнің болуы рәсімдеу, қаптау, жөнелту және жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

📍 SSAB командасымен жеке кездесуді жіберіп алмаңыз!
Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесінде 17–19 қыркүйек аралығында, Алматы қаласы, КЦДС «Атакент», стенд 9-52.

Көрмеге тегін бару үшін MMCA2025AB жарнамалық кодын пайдаланыңыз.

  • 26 қаралды